Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Биыл түркістанда «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің алғашқы 400 ТҮЛЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ

Түркістанда 2019 жылы Қазақстандағы туризм саласы бойынша алғашқы профильді университет ашылған болатын. «Халықаралық туризм және меймандостық» университеті биыл алғашқы 400 түлегіне диплом табыстамақ, хабарлайды Verbum.

14 февраля, 2024
in Білім, Білім мен ғылым
0
Биыл түркістанда «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің алғашқы 400 ТҮЛЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда 2 615 студент білім алып жатқан оқу ордасына жыл сайын 800 грант бөлінеді. Бүгінде білімгерлердің 2 360-ы грантта оқыса, 255 студент ақылы негізде білім алады.

Жуырда ғана университетке жаңадан басшы ретінде Әлібек Шоқпаров тағайындалды. Оңтүстік Калифорния университетінде білім алған білікті маманға жауапты міндет жүктеліп отыр. Ректорды ұжыммен таныстыру жиынына ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысты.

«2024 жылы — Түркі мемлекеттерінің туристік астанасы» деп танылған Түркістан қаласы үшін аталған оқу ордасынан тәлім алған жастардың маңыздылығы жоғары. Құрылғанына 5 жыл толған университетте еліміздегі жетекші оқу орындары мен шетелдің үздік профессор-оқытушылары дәріс береді. Мәселен, Wismar University (Германия), University of British Columbia (Канада), Tenago National University (Малайзия), Xinjiang University (Қытай), Istanbul University, Ankara University, Gazi University (Турция) және Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы) сияқты бірқатар шетелдік университеттердің түлектері жұмыс істейді.

Оқу орнында 11 мамандық бойынша оқытылады. Атап айтқанда, «Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру», «Халықаралық және ішкі туризм», «Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру», «Қонақ үй және мейрамхана бизнесі», «Туристік дестинациялар менеджменті», «Дене шынықтыру және спорт», «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық», «Спорттық-сауықтыру фитнесі», «Ұйымдастырылған туризмді басқару және экскурсиялық-анимациялық қызмет», «Ивент-менеджмент», «Спорттық туризм» факультеттері бар.

Алдыңғы пост

Туркестанский международный аэропорт будет развиваться по новому

Келесі жаңалық

В медицинских учреждениях Туркестанской области усилят работу с обращениями и жалобами жителей

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі