Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Таным Түркістан облысы

Бәйдібек ауданында үш ауылға газ берілді

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жыл басынан бері үш ауылға көгілдір отын жеткізілді. 

11 февраля, 2024
in Түркістан облысы, Экономика, Қоғам, Әлеумет
0
Бәйдібек ауданында үш ауылға газ берілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Өткен жылы өңірдегі 48 ауыл табиғи газға қосылып, қамту деңгейі 61,6%-ды құрады. 2012-2022 жылдары құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 38 проблемалық нысан бойынша тиісті жұмыс атқарылды. Нәтижесінде, 91 мың халық тұратын 27 ауылдың мәселесі шешіліп, газға қосылды.
Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Талап елді мекеніне де табиғи газ берілді. Салтанатты шараға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Азизханов қатысып, Талап елді мекені тұрғындарымен газ торабының тетігін іске қосты. Талап ауылы биылғы жылдың басынан бері табиғи газға қосылып отырған үшінші елді мекен. Енді 700-ге жуық тұрғын табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 13 елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 5 елді мекенді газдандыру бойынша бюджетке қаржыландыруға ұсыныс жасалса, қалған 8 елді мекеннің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 2015 жылы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, аудан орталығына газ берілген болатын. Бүгінгі таңда аудандағы 21 ауыл «көгілдір отынды» тұтынып отыр.
Алдыңғы пост

"Шардара Армспорт" клубының құрылғанына ширек ғасыр өтті.

Келесі жаңалық

Ордабасыда отбасы құндылығы дәріптелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі