Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Ақорда

Түркістанда президент ауызашары өтті

Бүгін Түркістанда қасиетті Рамазан құрметіне ел Президентінің ауызашары өтті, деп хабарлайды Verbum.kz.

16 марта, 2024
in Ақорда
0
Түркістанда президент ауызашары өтті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Игі шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыс тұрғындары, ақсақалдар алқасы, еңбек ардагерлері мен имамдар қатысты. Өңір басшысы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

– Биыл Рамазан айы Наурыз мерекесіне тура келіп отыр. Наурыз мейрамы жаңа серпінде атап өтілуде. Кеше еліміз бойынша «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілсе, бүгінгі күн қайырымдылыққа, ізгілікке бағытталып отыр. Әр күн осындай мән-мағынаға толы. Жалпы қасиетті айда Құран кітабы жерге түскен, яғни адамзаттың ережесі болып саналады. Президентіміздің атынан барлық өңірде ауызашар ұйымдастырылып отыр. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің мәдениеті мен дініне деген құрметі деп білеміз. Аудан, қалалардан да зиялы қауым өкілдері, белсенді азаматтар келіп отыр. Түркістанымызға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2024 жыл Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанып отыр. Тағы бір қуанышты жағдай, Мемлекет басшысы киелі қаламызға ерекше мәртебе беруді ұсынды. Былтыр екінші Ұлттық Құрылтай да бізде өтті. Марал Ишанның Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әкелінді. Бүгін Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысы Атырау облысында болып жатыр. Сонда кесене құлпытасын қалпына келтіруді атап өтті. Оразада адамгершілікті дәріптейтін амалдарды көптеп жасау керек. Баршаңыздың ниетіңіз қабыл болсын, – деді Дархан Сатыбалды.

Рухани жиында ізгілікке жетелейтін уағыздар, өсиеттер айтылды. Қазақтың өнегелі термелері айтылып, жанға шуақ сыйлайтын дәстүрлі әндері шырқалды. Ел ағалары елді бірлікке бастайтын мағыналы ойларын айтып, өңір жұртшылығын Рамазан айымен құттықтады. Ас соңында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов құран бағыштады.

Алдыңғы пост

Түркістанда Көрісу күні - Амал мерекесі тойланды

Келесі жаңалық

Түркістанда республикалық командалық айтыс өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі