Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ 10,8 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Түркістан облысында 39 тасымалдаушы 283 тұрақты бағыт бойынша 1208 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде, хабарлайды Verbum.

15 февраля, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ 10,8 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Оның ішінде облысаралық – 72 , ауданаралық – 32, қалалық – 48, ауданішілік – 131 тұрақты бағыт бар. Көліктің барлық түрін есептегенде 19,3 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға артқан. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған саланы дамыту бойынша жиналыс өткізіп, мәселелер мен жоспарларды талқылады.
– Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қоғамдық көліктерді субсидиялауда тұрғындардың талап-тілектері ескерілуі тиіс. Ең маңызды бағыттарға ғана қолдау көрсетіледі. Аудан, қала әкімдері жергілікті деңгейде маңызы бар қоғамдық көлік бағыттарын жүйелеп, тиісті жұмыс жүргізсін. Қаржы нақты есептеліп, үнемделіп жұмсалуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, 2023 жылы облыста 210 қоғамдық көлік жаңартылды. Түркістан қаласында тасымалдаушылар есебінен 78 жаңа автобус сатып алынды.
Әлеуметтік маңызы бар автомобиль бағыттарын субсидиялауға келсек, былтыр 79 бағытқа 6,3 млрд. теңге субсидия бөлінген. Субсидия көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. 2024 жылы 89 бағытқа 4,6 млрд. теңге субсидия қаралып, Түркістан қаласына 3,9 млрд. теңге қаралып отыр. Қалған аудан, қалалар жергілікті бюджетінен 700 млн. теңге бөліп отыр. Бәйдібек, Созақ, Сайрам, Келес аудандарында субсидия мүлдем қаралмаған.
Басқарма тарапынан 2024 жылдың 23 ақпанында тұрақты бағыттарға қызмет көрсетуге конкурс өткізу жоспарланған. Аталған конкурсқа 27 бағыт қойылады (11 облысаралық және 16 ауданаралық).
Бүгінде пилоттық жоба ретінде 3 ауданаралық бағыттарды субсидиялау көзделіп отыр. Атап айтқанда, Кентау – Түркістан, Арыс – Түркістан (Шәуілдір арқылы), Жібек жолы – Түркістан бағыттары ұсынылған.
Жиында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мәселесі де талқыланды. Өйткені, заңсыз жолаушы тасымалы адам денсаулығына да қауіп тудыруда. Облыста 2 095 көлік заңсыз тасымалдаумен айналысады. Басқармамен, аудан, қала әкімдіктерімен 2023 жылы жалпы 83 рейдтік іс-шара өткізіліп, 328 әкімшілік хаттама түзілді.
Рейдтер жалғасады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне салаға қатысты заңнамаларды өзгерту туралы 30-дан астам ұсыныс жолданған.
Алдыңғы пост

В Туркестанской области начали реализовывать продукцию из стабфонда

Келесі жаңалық

СТУДЕНТТЕРДІҢ БИЗНЕС ЖОБАЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі