Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа кәсіпорын ашылуы мүмкін

Түркістан облысы, Сауран ауданында «Sauran plast» өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алып отыр, деп хабарлайды Verbum.kz.

19 марта, 2024
in Түркістан облысы, Өнеркәсіп
0
Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа кәсіпорын ашылуы мүмкін
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы 3 га жер бөлінген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, өндіріс орнын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Өндіріс орнында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы полиэтилен құбырлары шығарылады. Кәсіпорын жылына 500 тонна қоқысты өңдеуге қауқарлы. Зауытта 15 адам қызмет етеді. Жоба құны – 500 млн теңге. Бүгінде «Sauran plast» және «JIANGYIN JIADE MACHINERY CO., LTD» компаниясы арасында жалпы құны 190 млн теңгеге қоқыс қалдықтарын қайта өндіруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша келісімге қол қойылып, қажетті құрал-жабдықтар кәсіпорынға жеткізілген. Сонымен қатар қосымша құрал-жабдықтар сатып алу үшін екінші деңгейлі банк арқылы 300 млн теңге көлемінде қаржыландыру күтілуде.

Өндіріс орнының басшысы Қанат Көшербаевтың айтуынша, кәсіпорын аудан аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Алдағы уақытта өндіріс орнын ұлғайтып, 2 млрд теңгеге несие алу арқылы жобаны толық автоматтандырылған құрал-жабықтармен іске қосуды жоспарлап отыр.

Дархан Сатыбалды аудан әкіміне және тиісті сала мамандарына тазалық жұмыстарын күшейтуді және ауыл-аймақтарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды аталған орынға өткізу жөнінде тапсырма жүктеді. Жауапты басқарма басшысына тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар санын көбейту маңызды екенін айтып, осы бағытта тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.

Алдыңғы пост

В Туркестане отметили день национальной одежды

Келесі жаңалық

Дархан Сатыбалды облыс орталығын қоғамдық көлікпен аралап кездескен проблемаларға қатысты жауаптыларға нақты тапсырма берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі