Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысының шипажайлары тексеруден өтуде

Түркістан облысы — еліміздегі емдік-сауықтыру туризмі дамыған өңірлердің бірі. Қазіргі таңда өңірде 72 шипажай жұмыс істейді, хабарлайды Verbum.

13 февраля, 2024
in Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Өнеркәсіп
0
Түркістан облысының шипажайлары тексеруден өтуде
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соның ішінде 58-і Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан. Осы орайда, емдік-шипалық қасиетке ие, жерасты табиғи минералды суы бар Көктерек елді мекеніндегі шипажайларды дамыту мақсатында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары тарапынан құрылған арнайы жұмысшы топ зерделеу шараларын бастады.

Бірінші кезеңде жұмысшы топ 26 шипажайды аралап, жай-күйімен танысты. Өзекті мәселелер талқыланып, шипажай иелерінің ұсыныстары тыңдалды.

Кездесулерде шетелдік тәжірибелерді негізге алу, мамандардың біліктілігін арттыру,  инфрақұрылымды ретке келтіру, абаттандыру мәселелері сөз болды. Келушілердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында туристік компаниялардан лицензия талап ету қажеттігі еске салынды. Сондай-ақ бос жұмыс орындарына «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында қызметкерлерді қабылдауға болатыны айтылды. Биыл Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 400-ден астам алғашқы түлегі оқуын аяқтайды. Жоғары оқу орнының мамандандырылған жастарды жұмысқа тарту ұсынылды.

Сонымен қатар туристік қызмет саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары жайлы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылатын 4 мемлекеттік бағдарлама бойынша жеке кәсіпкерлер туристік нысандар салуды немесе реконструкциялауды, жол бойында сервис объектілерін ашуды қолға алса 10%, туристік кластағы көлік құралдарын сатып алса 25% субсидия беріледі. Ал кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарын күтіп-ұстауда шығындардың бір бөлігі өтеледі. Ақпараттандыру барысында жұмысшы топ бағдарламаларға қатысуға ынталы кәсіпкерлерге құжаттарды рәсімдеуде кеңестер ұсынып, сүйемелдейтіндерін жеткізді.

Одан бөлек, облыстың туристік нысандарын біріңғай ортақ ақпарат алаңы құрылып, арнайы платформаға барлық бағыты енгізіледі. Түркістан өңірінңң емдік-сауықтыру туризмін жарнамалау үшін бөлек бөлім арналып, әлемнің кез келген нүктесіне ақпарат қолжетімді болады. Алдағы уақытта талдау жұмыстары жалғасады.

Алдыңғы пост

Семиклассники разработали устройство, которое предохраняет от отравления газом и дымом

Келесі жаңалық

Кентауда жаңа мәдени нысан салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі