Құрама ең алғаш 2001 жылдың 9-ақпанында қол күрестен облыс чемпионатына қатысқан. Бүгінде «Шардара Армспорт» клубында 500-ден астам спортшы тұрақты түрде жаттығады. Клуб спортшылары әлемнің 30 дан аса елінде болып, барлығында дерлік жеңіспен оралған.
Қазіргі таңда клубта қол күрес спортынан 107 – әлем чемпионы, 106 — әлем чемпионатының жүлдегері, 31 — әлем кубогының иегері, 327 — Азия чемпионы, 75 — Азия кубогының иегері, 500 — ел чемпионы шыққан. Сонымен қатар, 85 — Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 75 – ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 130 — ҚР спорт шебері бар. Одан бөлек, клубта 35 жаттықтырушы жұмыс істейді.
Айта кетсек, клубта қол күреспен қатар гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, асық ату, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг сынды бірқатар спорт үйірмелері бар. Клубта 8 жастан бастап ақысыз кез-келген адам спортпен шұғылдана алады.