Бокстан Қазақстан жастар құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға ие болды.
Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Бұл жарыста ел намысын 25 боксшы қорғады. Жүлде кестесіндегі ТОП-10 құрама: Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс, 10 қола; Өзбекстан – 5 алтын, 5 күміс, 3 қола; Ресей – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола; Қытай – 3 алтын, 3 күміс, 4 қола; Ирландия – 3 алтын; Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола; Солтүстік Корея – 1 алтын, 1 күміс; Мексика – 1 алтын, 1 қола; Әзербайжан – 2 күміс, 3 қола; Бейтарап – 2 күміс, 1 қола.
Айта кетейік, Будвадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары болды. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы берілді.