Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Қытай Түркістан облысына инвестиция салғысы келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шет мемлекеттерге іссапар жасап, кәсіпорындарымен танысып, инвестиция тарту жөнінде тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Verbum.kz.

7 марта, 2024
in Түркістан облысы, Экономика, Өнеркәсіп
0
Қытай Түркістан облысына инвестиция салғысы келеді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осыған байланысты Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов бастаған жұмысшы топ, Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігімен бірлесіп, Қытай Халық Республикасына арнайы іссапар жасады.

Іссапар аясында ҚХР-дан тікелей инвестиция тарту, сауда-экономикалық қатынасты нығайту жұмыстары атқарылды.

Жұмыс тобы Сиань (Шэньси провинциясы), Вэньчжоу (Чжэцзян провинциясы), Хэфей (Аньхой провинциясы) және Чжэнчжоу (Хэнан провинциясы) қалаларында жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар аталған өлкелердің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда-логистикалық орталық, машина жасау, Eye valley индустриалдық паркі және ауылшаруашылық тұқымдарын (бидай, асқабақ, қарбыз, қауын, мақта, жүгері және т.б.) зерттеу, сұрыптау және өндіру орталығы, индустриалдық аймағы таныстырылды. Облыстың экспорттық әлеуетін ұлғайту мәселесі талқыланды.

Бұдан бөлек, түрлі-түсті металл бұйымдарын өндіру, алюминий профильдарын шығару, лифт жасау, құрылыс материалдарын шығару (ішкі және сыртқы әрлеу), мотор майларын шығару және жүк көліктерімен өзге де техникалық бөлшектерін (фильтр, тежегіш колодкалар, сүзілер, патрубкалар және т.б.) шығару, тұрмыстық техникалар және оларға арналған көптүрлі микросхемалар шығару, электро авто көліктеріне арналған қуаттау станцияларын жасау және тағы басқа кәсіпорын басшыларымен екіжақты кездесулер өткізілді.

Бірқатар кәсіпорын басшылары Түркістан облысында өндіріс орындарын ашуға ниет білдіріп, меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды. Оған қоса, қытайлық компания басшылары Түркістан облысына іссапармен келуді жоспарлауда.

Жоғарыда аталған провинциялар мен Түркістан облысы арасындағы екіжақты қатынастар, инвестиция тарту және экспортты ұлғайту жұмыстары өз жалғасын табады.

Алдыңғы пост

Предприниматель из Туркестанской области выращивает более 1 миллиона цветов в год

Келесі жаңалық

Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі