Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержанов қатысты.
Бекітілген жоспарға сәйкес, алдымен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне «Дабыл-1001» дабылы келіп түсті. Сонымен қатар, нөсерлі жауын салдарынан және қардың еруінен жиналатын су қашыртқыларын күл-қоқыстан тазарту шаралары ұйымдастырылды. Одан бөлек, Бәйдібек ауданы аумағында автомобиль жолы астынан өтетін құбырлар мен ирригациялық жүйелер тазаланды.
Айта кетсек, оқу-жаттығу шаралары еліміз бойынша 8-9 ақпан аралығында халықтың көктемдегі төтенше жағдайларға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі