Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Таным Түркістан облысы

Ордабасыда отбасы құндылығы дәріптелді

Түркістан облысының Ордабасы ауданында "Ордабасы - өнегелі отбасылар мекені" тақырыбында форум өтті.

11 февраля, 2024
in Түркістан облысы, Қоғам, Әлеумет
0
Ордабасыда отбасы құндылығы дәріптелді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оның ішінде жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын арттыру, зорлық-зомбылықты алдын алуға, болдырмауға ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, ауданның прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ғалымжан Қуашбаев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ардагерлер мен зиялы қауым, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, білім саласының қызметкерлері, тұрғындар қатысты.
Аудан басшысы форумның маңыздылығын ескеріп, қатысып отырғандарға шынайы алғысын білдіріп, сөз сөйледі:
– Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Бұл бағытта құқық қорғау органдары тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Жалпы отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы бүгінде өзекті екені жасырын емес. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартқанды дұрыс санайды. Олай етудің соңы қайғылы жағдайға душар етуі әбден мүмкін. Форумның маңыздылығын ескере отырып жиынға арнайы шақырылған қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл имамдары, ауыл билері осындай форматтағы жиындарды әрбір елді мекендерде өткізуді қажет деп санаймын, – деді аудан басшысы.
Форумда ауданның прокуроры, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы сөз сөйлеп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Айта кетейік, өткен жылы аудан әкімі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» 34 рет отырысы өтіп, 33 мәселе қаралған. Кәмелетке толмаған 7 жасөспірім құқық бұзушылық бойынша есепке алынды. Сондай-ақ аудан әкімдігімен полиция бөлімі, қоғамдық ұйымдар бірлесіп «Ішімдіксіз – ауыл», яғни спирттік ішімдік сатпайтын, отбасылық жиын, мерекелерде тұтынбайтын жобаны қолға алды. Қазіргі таңда Қараспан, Шұбар ауыл округтерінде 4 елді мекен спирттік ішімдіксіз ауыл жобасына кіріп отыр. Полицияның дерегіне сәйкес, ішімдіктен бас тартқан ауылдарда қылмыс едәуір азайған. Бұл жоба кезең-кезеңімен ауыл округтерде іске асырылады деп жоспарлануда.
Алдыңғы пост

Бәйдібек ауданында үш ауылға газ берілді

Келесі жаңалық

Жетісайда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектеп салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі