Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Жетісайда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектеп салынады

Түркістан облысының Жетісай ауданында "Жайлы мектеп " жобасы аясында 6 білім ордасы бой көтереді.

11 февраля, 2024
in Білім, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
Жетісайда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектеп салынады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында өткен жылы жалпы мемлекет есебінен құрылысы басталған 33 мектептің 20-сы биыл пайдалануға беріледі. Қалған 13 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады.
Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыста 49 мың оқушыға шақталған 63 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2025-жылға дейін өңірде 96 білім ошағы бой көтеретін болады. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сы­мен жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында биыл Жетісай ауданында 6 мектеп салынады. Атап айтсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы өткен жылы басталса, биылғы жылы Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп күтілуде.
Пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақ.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралап, жұмыстардың барысымен танысты.
Алдыңғы пост

Ордабасыда отбасы құндылығы дәріптелді

Келесі жаңалық

Арыста мыңға жуық шабандоз қатысқан көкпар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі