Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Таным Түркістан облысы

Түркістан облысының су қоймаларына қауіп төніп тұрған жоқ

21 февраля, 2024
in Түркістан облысы, Түркістан облысы
0
Түркістан облысының су қоймаларына қауіп төніп тұрған жоқ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы сыйымдылығы 370 млн. м3 болатын «Бөген» су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Су қойма 67,8 мың гектар жерді ағын сумен қамтамасыз етеді, хабарлайды Verbum.kz.
Су қойманың негізгі су көздері – «Арыс» магистральды каналы және Бөген өзені. Су қоймадан егістік жерлерге ағын су Түркістан магистральды каналы (су өткізу қабілеті – 45 м3/сек) және Бөген қашыртқысы (су өткізу қабілеті – 80 м3/сек) арқылы босатылады. Қазіргі таңда су қоймада 317 млн. м3 су бар. Кірген су – 54,6 м3/сек, шыққан су – 25 м3/сек. Су қоймада төтенше жағдай қаупі төніп тұрған жоқ.
Жағдайды бақылау мақсатында 2024 жылы, 17 ақпанда «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы, «Тұран су» ШЖҚ МКК және аудандық төтенше жағдай мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, акт түзілді. Су қоймада жағдай тұрақты.
Айта кетейік, 2021-2022 жылдары су қоймада төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесімен, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысын биыл маусым айында алу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, су қойманың беріктігін арттыру мақсатында 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда су қойма апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті құралдармен (700 м3 қой тас, 50 м3 құм, 100 м3 қиыршық тас, 10 тонна цемент және 1000 дана қап) қамтамасыз етілген.
Алдыңғы пост

Түркістанда ТКШ саласындағы жұмысты жандандыру мәселесі талқыланды

Келесі жаңалық

2023 жылы Түркістан облысында 50-ден астам спорт нысаны пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі