Verbum.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Verbum.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтіледі

Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр. Бұл халқымыздың ежелден келе жатқан ата дәстүрі. 14-23 наурыз күндері арылығында «Көрісу күні – амал мерекесі», «Мейірімділік мерекесі» сынды атаулы күндері түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Verbum.kz.

7 марта, 2024
in Түркістан облысы, Қоғам
0
Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтіледі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«14 наурыз — «Көрісу күні – амал мерекесі» күні өңірдегі белгілі өнер, спорт саласындағы қайраткерлер аға буынның шаңырақтарына арнайы барып, жылдың басталуымен құттықтайды. Амандандық сұрасып, көріседі. Сондай-ақ, осы күні «Наурыз – жақсылықтың жаршысы» атауымен облыстық челленж ұйымдастырылады. Ал 15 наурыз күні «Наурыз — мейірімділік мерекесі» ретінде аталып өтпек. Бұл күні аудан-қалаларда, ауылдарда жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтеді. Сондай-ақ, соғыс, еңбек ардагерлеріне, Батыр аналарға құрмет көрсету мақсатында «Аға ұрпақты қастерлейік» акциясы қолға алынады» — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, 15 наурыз күні — Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде облыс әкімдігі мен айтыс ақындары және жыршы-термешілердің Халықаралық одағының ұйымдастыруымен Түркістан облысы мен Жамбыл облысы ақындары, термеші-жыршылары арасындағы командалық өнер додасы ұйымдастырылады. Бұл жайында брифингте «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Түркістан облысындағы филиал төрағасы Тұрар Тілеулиев айтты.

«16 наурыз күні «Наурыз – салт-дәстүрдің жаңғыруы» деген  бастамамен облыстағы барлық мәдениет мекемелерінде ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртатын сахналық көріністер өтеді. Ал 17 наурыз күні «Наурыз — тәрбиенің бастауы» деген атаумен барлық мектептерде мерекелік іс-шаралар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері ұйымдастырылады.  Сондай-ақ, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетілмек. 18 наурыз — «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» деген атпен 09:00-ден бастап Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері ұлттық киім кию челленжін бастайды. Сонымен қатар, 18 наурыз күні «Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы» атануының ресми ашылу салтанаты «Керуен сарай» аумағында өтеді», — деді Әзімхан Серікұлы.

Брифингке қатысқан Түркістан облысы мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров 19 наурыз күні — «Наурыз — жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен барлық өңірлерде ағаш егу дәстүрі қолға алынатынын айтты. Бұл күнгі мерекелік іс-шаралар «Наурыз бата» дәстүрімен қорытындыланады.

«20 наурыз — «Ұлттық спортты ұлықтау» күнінде барлық өңірлердегі спорт кешендері мен атшабарларда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Ал 21 наурыз «Қош келдің – Әз Наурыз!» деген атаумен Түркістан қаласындағы «Керуен» сарайы аумағында облыс әкімінің қатысуымен мерекелік салтанатты іс-шара жоспарланып отыр. 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз» күні Түркістан қаласы мен барлық аудан-қалалардағы орталық алаңдар мен саябақтарда көрмелер, концерттік бағдарламалар, ұлттық спорттық ойындар мереке көркін қыздырады. Ал 23 наурыз «Наурыз – тазалықтың айнасы» күні облыс көлемінде жалпы халықтық сенбілік ұйымдастырылып, аудандар мен қалаларда тазалық жұмыстары жүргізіледі», — деді Мейіржан Нұрғалиұлы.

Алдыңғы пост

Қытай Түркістан облысына инвестиция салғысы келеді

Келесі жаңалық

Процветание сельского хозяйства: Туркестанская область стимулирует весенне-полевые работы государственной поддержкой

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Мар    

020000, Алматы қаласы, Сейфуллина 25
info@verbum.kz

Құпиялық саясат
Verbum.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 20 қазанда ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі KZ95VPY00080187 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@verbum.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде verbum.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі