Оның ішінде 4 500 дана — қара ағаш, 200 дана — сириялық раушан, 250 дана — сабын ағашы және 600 дана — легуструм көшеттері отырғызылған.
Аудандағы көшет егу науқаны аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының барлық елдімекендерінде өтті.
Көшеттер аудандағы үлкен жолдардың, каналдар мен арық-атыздардың бойларында, саябақ пен аллеяларда егіліп жатыр. Игі шараға аудандағы мемлекеттік және жекеменшік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері және аудан тұрғындары қатысуда.