Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан су спорты түрлері федерациясының былтырғы маусымды қорытындылау және жаңа маусымға дайындық бойынша кезекті жиыны өтті. Іс-шараға федерация президенті Андрей Крюков, облыстық федерация басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында Андрей Крюков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Оның орнына федерация президенттігіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылған. Жиынға қатысушылар, оның ішінде облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығы өкілдері бірауыздан бұл ұсынысты қолдаған.
Министр Ербол Мырзабосынов 2019 жылдан бері федерацияны басқарған Андрей Крюковке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Нұрлан Жақыповқа жаңа қызметіне сәттілік тіледі.